«Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
«Жалпы білім беретін №24 орта мектеп» КММ

Жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 1–11 сыныптар аралығындағы оқушыларға сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте сексеннен астам оқу кабинеті, төрт зертханалық жұмыс кабинеті, спорт залы, ойын алаңдары және кәсіптік бағдар беруге арналған КПИ кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру жүйесі жүзеге асырылуда.
Мектеп 180 орындық акт залымен, заманауи жабдықталған асханамен, толық жабдықталған информатика, ағылшын тілі және алғашқы әскери дайындық кабинеттерімен қамтамасыз етілген.
2025–2026 оқу жылында мектебімізде 2130 оқушы білім алуда.
182 мұғалім жасаса оның 27 падагог-зерттеуші,30 педагог-сарапшы, 84 педагог-модератор категорияларына ие. 28 техникалық қызметкер жұмыспен қамтылған
Осы оқу жылынан бастап білім сапасын арттыру және қауіпсіздік деңгейін күшейту мақсатында “Alaqan Face ID” бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар, мектепте терроризмге қарсы қорғаныс жүйесімен жабдықталған МИГ қауіпсіздік қызметі(охраналық жүйе), 2 дабыл түймесі жұмыс істейді. Және мүмкіндігі адамдарға арналған пандусымен жабдықталған жүру орындары бар.
Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №24 орта мектеп» КММ


